Атырау, 23 желтоқсан 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Қазақалтыннан" 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды

3 358 рет қаралды

Ақмола облысында "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық концерніне тиесілі құны 122 миллион теңге болатын алтын ұрланды. Бұл ақпаратты Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақмола полицейлері 2021 жылдың 2 наурызына қараған түні "Қазақалтын" АҚ-қа тиесілі алтын катодын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық әрекет нәтижесінде кәсіпорынға 122 миллион теңге сомасында залал келді. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

6 наурыз 2021, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.