Атырау, 25 қараша 06:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жарық қымбаттады

3 325 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттінің департаменті 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясы тарифінің көтерілгендігі туралы баспасөз хабарламасын таратты.

Бұған өткен жылдың 1 қазанынан бастап «КЕGOC» АҚ жүйелік операторы қызметінің тарифі мен көтерме нарықтағы электр қуаты тарифінің өсуі де себеп болған деп көрсетілген хабарламада.

Тұрғындар үшін тариф (қосылған құн салығын қосқанда) төмендегідей өзгерістерге ұшырады (жақшада – пайыздық өсімімен берілген):

1-деңгей: электр плитасын қолданатын және айына 110 кВт/сағатқа дейін тұтынатын жеке тұлғалар – 1 кВт/сағат үшін 5,67 теңге (4%); электр плитасын қолданбайтын және айына 90 кВт/сағатқа дейін тұтынатындар – бір кВт/сағат үшін 5,57 теңге (4,1%).

2-деңгей: электр плитасын қолданатын және айына 110-нан190 кВт/сағатқа дейін тұтынатын жеке тұлғалар – 1 кВт/сағат үшін 7,14 теңге (3,9%); электр плитасын қолданбайтын және айына 90-нан 170 кВт/сағатқа дейін тұтынатындар – бір кВт/сағат үшін 7,14 теңге (3,9%).

3-деңгей: электр плитасын қолданатын және айына 190 кВт/сағаттан көп тұтынатын жеке тұлғалар – 1 кВт/сағат үшін 8,92 теңге (3,8%); электр плитасын қолданбайтын және айына 170 кВт/сағаттан көп тұтынатындар – бір кВт/сағат үшін 8,92 теңге (3,8%).

Заңды тұлғалар үшін өсім 4 пайызды құрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 қаңтар 2013, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.