Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Санитар дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

2 491 просмотра
Сурет: pexels.com

Санитарлық дәрігерлер 8 наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы мереке және демалыс күндері барлық шектеу шаралары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және өңірлердегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің, Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес әлі де өз күшіне ие, делінген хабарламада.

Біз ел тұрғындарын жақындарыңызды және айналаңызды коронавирус инфекциясынан қорғауы тиіс маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз:

- адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;

- ұжымдық іс-шараларды өткізбеңіз немесе оған қатыспаңыз;

- денені суықтатып алмаңыз;

- қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз;

- маска режимін сақтаңыз;

- қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе антисептикті мүмкіндігінше жиі қолданыңыз;

- дене қызуы немесе әлсіздік белгілері болса, дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз;

- үй-жайларды үнемі желдетіп отырыңыз;

- үйде күн сайын тазалық жүргізіңіз.

Сонымен қатар, дастарқан басына отырғанда тамақтан улану, ішек инфекцияларының қаупі туралыны да жадыңыздан шығармаңыз, байқаңыз.

5 наурыз 2021, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.