Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшысы қызметкерлердің қысқартылатыны туралы мәлімдеді

2 721 просмотра

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Виджай Махадеван компанияда өткен баспасөз мәслихатында комбинаттың қызметкерлері арасында жаппай қысқарту жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Әңгіме қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы емес, штат санын қысқарту туралы болып отыр – бұл екі бөлек нәрсе. Себебінен бастайын. Компания әлемдік нарықтардағы өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс», - деп атап өтті В. Махадеван.

Ол ағымдағы жылы комбинатта үш мыңдай қызметкерді қысқарту жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Осы үш мың адамның шамамен 50%-ы, яғни бір жарым мың адам біздің бағалауымызша, өз еркімен жұмыстан шығу үлгісін қолданады. Қалған адамдар аутсортингке барады немесе компанияның ішінде қызметін ауыстырады. Яғни, аутсорсинг жүргізілгенде немесе өзге департаментке ауыстырылғанда бұл адамдар жұмысын сақтап қалады. Сондықтан біз тек қайта құрылымдау және өз еркімен жұмыстан кету туралы әңгіме қозғап отырмыз. Бұл қомпания жаһандық дағдарыс жағдайында өзінің бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуы үшін қажет», - деді бас директор.

Дереккөз: bnews.kz

18 қаңтар 2013, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.