Атырау, 22 қараша 19:18
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Ливияда кіші-Каддафидің ісі бойынша сот отырысы басталды

2 383 просмотра
Биліктен қуылған және өлтірілген Ливия көшбасшысы Муамар Каддафидің екінші ұлы бейсенбі күні алғаш рет Ливия сотының алдында жауап берді, деп хабарлады Agence France-Presse.

Бірінші тыңдау полковниктің ұлы 2011 жылдың қараша айынан бастап түрмеде отырған - Зинтан қаласында жабық есік жағдайында өтті. 39 жастағы Сейф аль-Ислам «мемлекеттік қауіпсіздікті бұзды» деп айыпталуда.

Журналистер отырысқа жіберілмеді. Бейнеге түсіруге тек мемлекеттік Al-Watania телекомпаниясының қызметкерлеріне ғана рұқсат етілді.

Бұған дейін хабарланғандай, Халықаралық қылмыстық сот Сейф аль-Исламға адамгершілікке қарсы қылмыстар үшін кінә тағуда. Ұйым кіші-Каддафиді соттау үшін Гаагаға ауыстыруға тырысып-бағуда, себебі, Ливия соты объективті болмауы мүмкін.  

Сейф аль-Ислам кінәлі деп танылса, ол өлім жазасына кесілу мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 қаңтар 2013, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.