Атырау, 20 сәуір 01:55
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті" - Тоқаев Әлихан Бөкейхан туралы

1 799 просмотра
Сурет: atso.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті",- деп жазды Президент Twitter-парақшасында.

Айта кетейік, бүгін көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда өкіметінің төрағасы, публицист, ғалым Әлихан Бөкейханның туған күні. Ол бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған.

5 наурыз 2021, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.