Атырау, 18 сәуір 11:10
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Коронавирус гүл арқылы жұға ма?

2 381 просмотра

Қазақстандықтар коронавирустың гүл арқылы жұғатыны туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жалған видеосын таратуда. Кадрда ол коронавирустың гүлдер арқылы таралатынын, сондықтан 10 наурызға дейін гүлдерге жақындауға, оларды сатып алуға және иіскеуге тыйым салынатынын айтқан. Бұл әзіл видео екені анық, бірақ кейбіреулер оны шын деп қабылдаған, деп хабарлады 24.kz stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Бейнеролик министр теледидарда сөз сөйлеген кезде түсірілген, ал дауысы монтаждау барысында қойылған. Видеода КВИ жұқтырудың жаңа әдісі туралы айтқан дауыстың Алексей Цойдікі еместігі анық естіледі. Денсаулық сақтау министрлігі хабарламаны жоққа шығарды. 

«Қазіргі кезде әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде коронавирустық инфекцияның гүлдер арқылы жұғатыны анықталғаны туралы ақпарат таратылуда. Хабарламада Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік мақсатында 10 наурызға дейін гүл сатып алмауға шақырған денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың видеосы пайдаланылған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бұл видео жалған болып табылады», – деп хабарлады ведомстводан. 

COVID-19 адамнан адамға ауа тамшы жолдарымен жұғады. Вирус жабық және нашар желдетілетін жерлерде тез таралады. КВИ-дің алдын алудың ең тиімді әдістері – әлеуметтік арақашықтық сақтау, маска тағу және адамдар көп жиналатын орындарға бармау.  Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тексерілген ресми дереккөздерге ғана сеніп, арандатушылыққа берілмеуге үндейді.

4 наурыз 2021, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.