Атырау, 23 желтоқсан 17:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Пандемия кесірінен елімізде 13 бизнес түрі қызметін тоқтатқан

2 393 рет қаралды

Мамандар осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әсіресе, банкеттік залдар, фудкорд сынды қоғамдық тамақтану орындары әлі күнге жұмысын бастай алмай отыр. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, кәсіпкерліктің бұл сегментінде 95 мыңнан астам бизнес нысаны тіркелген. 

Алайда індет салдарынан соның 50%-і мүлде жабылып қалған. Бүгін «Атамекен» ұлттық палатасы өкілдері, кәсіпкерлер мен сауда саласының мамандары шағын және орта бизнесті демеу мәселесін талқылады. Тығырықтан шығудың бір жолы ретінде «Ашық» жобасын пайдалану ұсынылды. Пилоттық негізде іске асып жатқан бастама аясында тамақтану орындарының да жұмысын жандандыру көзделген. Бұдан бөлек, кәсіп иелеріне коммуналды қызмет, несиені субсидиялаумен қатар атаулы көмек беру де қарастырылған. 

«Қазір бұл жұмыстар Үкіметпен пысықталуда», - дейді құзырлы орган өкілдері.

4 наурыз 2021, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.