Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

2 256 рет қаралды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, судья Әбнәсіров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді», - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. 

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяларды қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов Қостанай облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы А. Смолинді қашықтан таныстырған болатын.

4 наурыз 2021, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.