Атырау, 25 сәуір 01:24
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Қазпошта» АҚ БҚО филиалында заңға қайшы әрекеттер жасалған

1 677 просмотра

«Қазпошта» АҚ өзінің Батыс Қазақстан облыстық филиалында жеке тұлғалардың шоттарына байланысты заңға қайшы әрекеттер жасалғанын растайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бұл факт ішкі ревизияның барысында анықталды. Оған кінәлі адамдар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына тиісті процессуалды шаралар қабылдау үшін жіберілді. Сонымен қатар аталған факт бойынша ішкі қызметтік тексеру жүргізілуде. Клиенттердің шоттарында қаржының жетіспеушілігі расталған жағдайда оны «Қазпошта» АҚ толық көлемде қайтарады. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша мәліметтер ұсынылады»,-делінген «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

4 наурыз 2021, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.