Атырау, 17 сәуір 10:30
 ашықВ Атырау +23
$ 430.39
€ 515.52
₽ 5.68

​Елорда әкімдігінде наразылық білдірген аналардың талаптары тыңдалды

1 459 просмотра
Сурет: inbusiness.kz

Наразылық білдірген аналар тобы елорда әкімдігіне жиналып, бірқатар талабын айтты. Олардың ішінде несиелерін кешіру, кезектен тыс пәтерлер беру, 1 млн теңге көлемінде ақшалай төлемдер беру секілді мәселер, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Белсенділердің мақсаты – басқа аналардың ойына жаңсақ пікір қалыптастыру және оларды адастыру. Мұндай заңсыз талаптар орындалмайды. Тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр, әлеуметтік пәтерлер тек кезек бойынша беріледі. 

Өздерін агрессивті ұстаған белсенділердің арасында бұрын заңға сәйкес және кезек бойынша пәтер алғандар бар екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, келгендердің бәрі бірнеше рет қабылдауда, оның ішінде елорда әкімінің азаматтарды қабылдауында болған. Оның қорытындысы бойынша оларға заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілген болатын. Бұл күндері наразылық білдіруші аналарға әкім орынбасарлары - Бақтияр Мәкен мен Нұрлан Нүркенов, басқарма басшылары қосымша түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. 

Сонымен қатар, әйелдер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша»бірқатар заңнамалық актілерге қанағаттанбайтынын атап өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов аналармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады, заңнамалық актілердің нормаларын түсіндірді. 

Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік көмек пен тегін қызметтер көрсетіледі: мүгедек баланы тәрбиелеушілерге ай сайынғы жәрдемақы, бала күнінен 1-топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша ай сайынғы жәрдемақы, оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрін, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуді, қалалық көлік маршруттарында тегін жол жүруді, инватаксиді алу мүмкіндігі бар. Мүгедек адамдарға (I, II топтар) тіс протездеу қызметтері; біржолғы ақшалай төлемдер, АӘК, қатты отын алуға әлеуметтік көмек және т.б. 

Елорда әкімдігі өткен жылы ғана бірқатар Оңалту орталықтарын салды, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында медициналық орталықтар, оңалту орталықтары ашылуда, инватакси саны 2 есеге ұлғайды, "үйдегі дәрігер" жобасының 29 объектісі ашылды және т.б. Аталған шаралардың бәрі жүйелі негізде жүргізілуде. 

2020 жылы елорда әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 9,5 мыңнан астам азаматты қабылдады. Осы жылдың екі айында мыңға жуық қала тұрғыны жолықты.


3 наурыз, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.