Атырау, 20 сәуір 06:00
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Биыл елімізде 6 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

1 962 просмотра
Сурет: inbusiness.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәллихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

«Биыл жылдың 1 ақпанында Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу басталды. Бірінші кезеңде ресейлік «Спутник V» екпесі сатып алынды. Кейін аз уақыттың ішінде Қарағанды фармацевтика кешені базасында «Спутник–V» вакцинасы өндіріле бастады. Отандық кешеннің вакциналары кестеге сәйкес жүргізілуде», - деді бірінші вице-министр.  

Марат Шорановтың айтуынша биыл сәуір айына отандық «QazCovid-in» вакцинасы өндірілмек.  «2021 жылы 6 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Иммунопрофилактика үшін IT-технологилар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады», - деді спикер. 


3 наурыз 2021, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.