Атырау, 25 сәуір 15:59
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақмола облысының тұрғыны WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған

1 711 просмотра

WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған Ақмола облысының 48 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқ әйел туралы полицияға 65 жастағы жәбірленуші хабарласып айтқан. Алаяқ оның 63 мың теңгесін жымқырған. Кейінірек полицейлер 20-дан астам адам алаяқтан құрбан болғанын, ал жалпы келтірілген шығын сомасы 70 миллион теңгені құрағанын анықтады. 

«Жедел іздестіру шарасы барысында полиция Көкшетаудың 48 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларынан келген 20-ға жуық адамды сан соқтырған. Әйел өз кінәсін мойындады», - деді ведомстводан. 

Полиция қызметкерлері атап өткендей, жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары осыған ұқсас алаяқтықтан зардап шеккендер болса, полиция бөлімдеріне жүгінуді немесе «102» арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.


3 наурыз 2021, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.