Қазақстан 2013 жылдың бірінші тоқсанында Қырғызстанға табиғи газдың әрбір мың текше метрін 224 доллардан экспорттайтын болады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстан Республикасы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
«Астанада өткен Қазақстан Республикасындағы Қырғызстанның елшісі Эсенғұл Өмірәлиев «Қырғызгаз» ААҚ Директор кеңесі төрағасы Бекмұрат Сұлтанәлиевпен және «Қырғызгаз» ААҚ бас директордың орынбасары Евгением Орленко «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Берлібаевпен және «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығымен кездесті», деп жазылған хабарламада.
Тараптар 2013 жылдың бірінші тоқсанында табиғи газды 2012 жылғы бағамен жеткізуге келіскен. Бұл келісім шарт кейін ұзартылуы мүмкін.
2012 жылы Қырғызстан біздің елімізден табиғи газдың әрбір мың текше метрін 224 доллардан алған болатын.
Дереккөз: bnews.kz