Тікұшақ апатқа ұшыраған Британия астанасының орталығы қоршауға алынды. Адамдар өз үйлеріне кіре алмай жүр. Билік оларға уақытша баспана беруге дайын, деп хабарлайды НТВ.
Құрылыс кранымен соқтығысуынан тікұшақ апатқа ұшыраған Лондон ауданы әлі де қоршауда. Тіпті қараңғы түссе де жергілікті тұрғындар өз үйлеріне кіре алмай жүр.
Тікұшақ жанармайы төгілген жол, сондай-ақ көршілес жатқан көшелер жабылды. Қоршауға алынан аумақтың көлемі бірнеше жүз шаршы метрге жетеді. Бұл аудандағы көптеген пәтерлер қазір бос тұр. Апат шамамен сағат 08:00-де орын алды, бұл адамдардың көбісі жұмыс немесе оқуға кеткен уақыт болатын.
Полицей: «Кейбір пәтерлерде адамдар бар. Егер олар сыртқа шықса, қайтадан іше кіре алмайды. Қазір үйлеріне кіре алмай жүрген адамдарға жергілікті билік уақытша баспана береді».
Көшелердің жабылуына байланысты автобустардың бағыты да өзгерді, көрші аудандардың тұрғындары автобустардың басқа бағыттарымен жүруге мәжбіүр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Құрылыс кранына соқтығысып, тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 12 адам зардап шекті және тағы екі адам – көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ кісі мен ұшқыш қаза тапты. Ұшқыш Пит Барнтың тікұшақты басқару бойынша үлкен тәжірибесі бар екеніне қарамастан, ол тұманның салдарынан бөгетті көрмей қалып, кранға соқытығсқан. Ол тіпті 007 агент туралы фильмнің түсіріліміне де қатысқан, деп жазады НТВ.Ru.
Еске сала кетсек, кеше Лондон орталығы «Воксхоол» ауданында Augusta-109 тікұшағы құрылыс кранына соқтығысып, апатқа ұшырады.
Дереккөз: bnews.kz