Атырау, 28 наурыз 21:51
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Қазір бәрі таниды" - Қырғызстан президентінен аумайтын қазақ жігіті

1 936 просмотра

Қазақстандық жас дәрігер Асқар Байділдә Қырғызстанда ел президенті Садыр Жапаровқа ұқсастығының арқасында танымал болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бір апта бұрын Instagram-қолданушы Адинай Марипова қырғызстандық саясаткер мен қазақстандық дәрігердің суреттерінен коллаж жариялады. Сурет әлеуметтік желілерде тарап, енді Бішкек тұрғындары көшеде Асқардан суретке түсуді жиі сұрайды.

Дәрігер Tengrinews.kz тілшісіне саясаткерге ұқсастығын ата-анасы қалай қабылдағанын және осындай танымал болған соң өмірі қалай өзгергенін айтты.

"Мен қазір екі қалада - Бішкек пен Таразда тұрамын. Бішкекте Қырғызстан мемлекеттік медициналық академиясының сегізінші курсында оқимын. Менің суретім Желіде қарындасымның арқасында тарады, ол Садыр Жапаровтың суретімен коллаж жасап, блогерге жіберді. Бұрын Жапаров президент болғанға дейін біздің ұқсастығымызды аға буын ғана атап өтетін, қазір бәрі таниды, көшеде суретке түсуге жиі өтініш айтады. Басында ыңғайсызданатынмын, қазір үйреніп кеттім, ұялмаймын. Бірақ жалпы алғанда өмірім өзгерген жоқ, бәрі баяғыдай", - деді Асқар.

Асқар Байділдәнің отбасы Таразда тұрады, бірақ ол Бішкекте ортопедиялық орталық ашпақ. 

"Ата-анам мемлекеттік қызметші болған, қазір зейнетте. Олар біздің ұқсастығымызды көргенде, әрине, қатты таңғалды. Үйленгенмін, әйелім Шымкент тумасы, бүкіл отбасым Таразда тұрады. Енді Бішкекте ортопедиялық орталық ашқым келеді, өйткені бұл сала елде енді дамып келеді", - дейді жас дәрігер.

Әзірше дәрігер балаларға массаж жасаумен айналысады. 

"Қырғызстан президентінің әкімшілігі менімен байланысқа шыққан жоқ, бірақ егер олар кездесуге шақырса, мен қуана барамын, бұл менің тағы бір арманыма айналды", - деді ол.


2 наурыз 2021, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.