Атырау, 24 ақпан 01:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

"Төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен пара алып келген". Павлодарда ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды

2 111 рет қаралды

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады.

"Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкері жүк көліктері жүргізушілерінің пара бергенін видеоға түсіріп алған еді.



2 наурыз 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.