Атырау, 25 сәуір 07:17
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келді

2 212 просмотра

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға мемлекеттік іссапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан президентінің сайтында Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және премьер-министр Асқар Маминмен кездесетіні хабарланған.

Жапаров делегациясы мынадай:

  • Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев;
  • вице-премьер-министр - экономика және қаржы министрі Улукбек Кармышаков;
  • Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеев;
  • Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев;
  • Қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев;
  • Ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі Асқарбек Жәнібеков;
  • Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев;
  • Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникация министрі Гүлмира Әбдіралиева;
  • Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев;
  • Энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаев;
  • Инвестицияларды ілгерілету және қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Алмамбет Шықмаматов;
  • Экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның директоры Мырзабек Жапарқұлов.

2 наурыз 2021, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.