Атырау, 28 наурыз 20:27
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бақыт Сұлтанов: Азық-түлік бағасын тұрақтандыра алмаған әкім орынбасарларын жауапқа тарту керек

1 912 просмотра

Азық-түлік бағасын тұрақтындыра алмаған әкім орынбасарларын жауапкершілікке тарту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін атап өткен жөн. Олардың жұмысын талдау қорытындылары бойынша министрлік 1-тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған Бақыт Сұлтанов. 

Оның айтуынша, азық-түлік бағасын тұрақтандыруда нарықтың форвардтық сатып алу және «айналым схемасы» сынды құралдары тиімділігін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңға жергілікті бюджеттерден аталған құралдарға 21,9 млрд теңге бөлінді. 

«Тетік тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қолмен басқару» режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек»,-деді ол.

2 наурыз 2021, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.