Атырау, 23 сәуір 21:54
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

2 321 просмотра

Оқушылар мектепке өздеріне ыңғайлы киіммен келе алады. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мектептерінің әлеуметтік желілерінде оқушылардың офлайн оқуға оралуына байланысты осындай хабарландырулар жариялана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады. Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім»,-делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

1 наурыз 2021, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.