Атырау, 13 сәуір 01:21
 ашықВ Атырау +17
$ 433.40
€ 515.83
₽ 5.60

ҚТЖ Қытайға жүк қабылдауға уақытша тыйым салады

1 600 просмотра

ҚТЖ жүк жөнелтушілердің бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚХР-мен шекаралас станциялардағы жағдай күрделі. Ковидке қарсы қатаң шектеу шараларына байланысты көрші ел жүк тиелген вагондарды қабылдамайды. Тастап кетілген пойыздар саны өсіп барады, бұл Қазақстанның магистраль желісінің өткізу қабілетіне теріс әсер етіп жатыр", - деді ҚТЖ өкілдері. 

Одан бөлек, теміржол әкімшілігі қытайлық тарап қол қойылған келісімдер мен халықаралық келісімдерді елемейтінін мәлімдеді.

"Нәтижесінде вагон иелері мен экспорттаушылар ұзақ уақыт тұрып қалу салдарынан экспорттық шарттарын орындай алмайды, шығынға батып жатыр", - деді олар.  

26 ақпанындағы жағдай бойынша, астық тиелген 250-ге жуық жабық вагон артқа қайтқан. 

Ақпарат бойынша, салалық қауымдастықтардың, соның ішінде ҚазТОҚ, Астық одағы және басқаларының өтініші бойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Достық станциясы бағытына, одан әрі ҚХР-ға жүк тасымалдауға:  

- 1 наурыздан 31-не дейін-жүк транзитіне;

- 1-15 наурыз аралығында - контейнерлердегі жүктерден басқа барлық жүкке;

- 2021 жылғы 1-20 наурыз аралығында жабық вагондар мен астық тасығыштардағы барлық астық жүгіне тыйым салуға мәжбүр болды. 

"Тыйым салу кезінде "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС қытайлық тарапқа тастап кетілген пойыздар мен астық тасығыштарды беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, астық тиелген жабық вагондарды беру бойынша шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.


28 ақпан, 00:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.