Атырау, 29 қараша 20:43
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Спорт жаңалықтары

2 703 просмотра

Екі түрлі финал

«Атырау» футбол клубының дайындық тобы 1999 ж.т. жасөспірімдер арасында қар үстіндегі футболдан дәстүрлі қалааралық Ақтөбе қаласы әкімі кубогында күміс медальға ие болды.

«Атырау-99» командасымен бірге турнирге 4 жергілікті және Ақтау, Қазалы, сонымен бірге Арал қалаларынан барған 3 команда қатысты. Алдын ала ойындар үш топ бойынша жүрді. «Атырау» ФК ақтық сайысқа шығып, жергілікті «Ақтөбе-99»-дан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Ал матч барысында 3:0 есебімен ұтып та жатқан еді.

Турнир қорытындысы бойынша «Атырау-99»-дың капитаны Ерасыл Аманжол үздік қорғаушы атанды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында 2000-2001 ж.т. ер балалар арасында Ақтөбе қаласы әкімі жүлдесінемини-футболдан ашық турнир өтті. «Атырау» ФК-ның 2000-2001 ж.т. ойыншылар командасы финалда Қазалы командасын 2:1 есебімен ұтты.

***

Достықтың жеңісі

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде белгілі футболшы Самат Даутовты еске алуға арналған ардагерлер арасында мини-футболдан XVI турнир өтті. 

Турнирге 12 команда қатысты. Алдын-ала ойындардан кейін 3-орын үшін матчта «Аламан» «Аэропортты» 3:1 есебімен ұтса, ақтық сайыста «Самат достары» «Атырау» СК-ны 3:0 есебімен жеңді.

Турнирдің үздік ойыншылары: қақпашы - Ғалымжан Әміров («Аэропорт»), қорғаушы – Арыстан Исмағұлов («Самат достары»), шабуылшы – Жұматай Қабдолов («Аламан»), егде ойыншы – Нәбижан Қуанышев («Мелиоратор»), пайдалы ойыншы – Исатай Керееев (««Атырау» СК»).

***

Облыс құрамасына ілікті

Доссорда облыстық бокс федерациясының жүлдесіне 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан дәстүрлі турнир өтті.

Жарыс жеңімпаздары: 32 кг дейін – Ахат Бекболатұлы, 34 кг д. – Ерсейіт Сұлтанов, 36 кг д. (1-топ) – Дархан Нығматуллин, 36 кг д. (2-топ) – Алтынбек Әжиханов, 38 кг д. – Павел Бонин, 40 кг д. – Асыланбек Нұғмашев, 42 кг д. – Еламан Рахметолла, 44 кг д. – Альберт Набидоллаев, 48 кг д. – Мұстафа Әзіржанов, 52 кг д. – Бейбіт Серіков, 54 кг д. – Самат Аманғалиев  және 63 кг д. – Бауыржан Шәріп. Бұлардың барлығы Қазақстанның аймақтық чемпионатына қатысу үшін облыс құрамасы командасына кірді.

***

Жақсы бастама

Теміртау қаласының мұз сарайында атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы Қазақстан чемпионатының 2-кезеңінде алғашқы екі матчын өткізді.

Бапкер Александр Истоминнің шәкірттері бірінші ойынды 2:1 есебімен ұтса (Денис Козырев - 2 гол), екіншісін 3:2 есебімен жеңді(Евгений  Антонов, Алдис  Аболинс және Александр Зубков).

***

Татамида -  жастар

Олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында карате-до кекушинкайдан балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында республикалық турнир өтті.

Турнирге Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ, Қырғыз елінен 200-ден аса спортшы қатысты. Турнирдің үздік спортшысы атағын жаңаөзендік Бек Өмірзақ иеленсе, үздік техникасы үшін атыраулық Есет Мырзабаев марапатталды. Үздік бапкер атағы атыраулық жаттықтырушы Нұржан Кенжеболатовқа берілді.

Атырау облыстық федерациясы (президент А. Дүйсембай).  спортшыларының сайыс нәтижелері: Чемпиондар: Ринат Наукебаев, Ілияс Серік, Нұрғиса Әділжан, Есет Мырзабаев. Жүлдегерлер: Фархат Жұмағалиев, Максим Клинцов, Софья Колдашева, Арсен Теміров, Әкімжан Дәулеткүл, Олжас Маратов, Болатжан Абдуллаев, Қуаныш Әбеуов, Әнуарбек Өтешқалиев, Бекмұрат Қалжігітов, Мейіржан Бауыржанов, Кристина Телетова, Ерболат Қапаров.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.