Атырау, 28 наурыз 17:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Азық-түлікті ұрлап, сатқан": Қазақстанда онкологиялық науқастарға арналған шипажай директорына қатысты тергеу басталды

2 420 просмотра

"Алатау" клиникасының басшысына қатысты онкологиялық науқастарға арналған шипажайдан азық-түлік ұрлады және сатты деген күдікпен тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, - деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Денсаулық сақтау министрлігі "Алатау" балалар клиникалық шипажай директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Данияр Бекайдаров.

Бұған дейін Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин аталмыш шипажайда онкологиялық аурулары бар балаларға арналған ақша қаражатын жымқыру, тамақ өнімдерін сату туралы мәлімдеді. 

"Жақында Антикор операция өткізді, оның нәтижесінде денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" республикалық балалар клиникалық санаторийінде ақшалай қаражаттың ұрланғаны, азық-түлік және балаларға арналған басқа да өнімдердің сатылғаны туралы дәлелдер жиналды", - деп жазды омбудсмен.

26 ақпан 2021, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.