Атырау, 20 сәуір 05:16
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

2 449 просмотра

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

26 ақпан күні сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан темір жол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы 150 метр темір жол рельсі зақымданды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.  

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға «Атырау-Алматы» бағытындағы №42 жолаушылар пойызының кешігуіне әсер етті (Ембі стансасында орналасқан). Қазіргі уақытта электр энергиясын тоқтан ажырату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.   

Оған ТЖД (9 қызметкер және 3 бірлік техника) және АПБ (2 қызметкер және 1 бірлік техника), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан ққ. «ҚТЖ» АҚ (2 қалпына келтіру поезы және 49 қызметкер), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан (2 өрт сөндіру поезы 16 қызметкер), ЖАО (3 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмылдырылды.

Дереккөз:azattyq-ruhy.kz   


26 ақпан 2021, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.