Атырау, 23 желтоқсан 18:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Дауылды жел Маңғыстау облысы портындағы 7 баржаны теңізге ағызып әкетті

2 602 рет қаралды

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің Түпқараған шығанағында құйынды жел порттағы 7 баржаны зәкірінен үзіп әкетті. Оқиғаға қатысты мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нашар ауа райынан Түпқараған шығанағындағы Баутино портында зәкір шынжырынан 7 баржа үзіліп кетті. Болжамды уақыт – 26 ақпан, сағат 03.00. Дауылды жел мен мұз баржалардың жағадан алыстуына алып келді.

Қазір баржалар Баутино портының солтүстігі - Құлалы аралына қарай қалқып жылжуда. Оларды қайтару үшін буксирлер жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жоқ, сондай-ақ судың ластануы тіркелмеді», - деді министрліктен.

26 ақпан 2021, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.