Атырау, 23 желтоқсан 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Боралдайдан шыққан ұшақ мәжбүрлі түрде жерге қонды

1 878 рет қаралды

Боралдайдан ұшқан санитарлық ұшақ жерге мәжбүрлі түрде қонған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азия Континенталь әуе компаниясының Ан2 әуе кемесінің Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды. 

"2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12:26-да Іле ауданының Боралдай кентінде "Боралдай-Кеген" бағытында санитарлық авиация бойынша әуежайдан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышының жұмыс істемей қалуына байланысты шұғыл жерге қонуға мәжбүр болды", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Ұшақ бортында 5 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге қонды. Оқиға орнына ТЖД (7 қызметкер мен 2 бірлік техника), «Боралдай» аэродромы авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандары (15 қызметкер мен 5 бірлік техника) барды", - дейді ол. 

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.

26 ақпан 2021, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.