Атырау, 24 ақпан 02:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Түркістан облысында көкпарға 70-тен астам адам жиналған

1 885 рет қаралды

Мобильдік топ жиналған адамдарды тарқатты

Фото: polisia.kz


Түркістан облысы Сарыағаш ауданы полицейлері карантинге қарамастан көкпар өткізген тұрғындарды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Сарыағаш ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзып, көкпар ұйымдастырған тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, Көктерек кентінің қырлы алқабында жергілікті тұрғын жасөспірімдерді жинап «Бата көкпар» жасаған. Мобильдік топ бірден шоғырланған адамдар тобын тарқатты. Тәртіп сақшылары іс-шараға қатысушыларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ шектеу шараларын бұза отырып, 70 -тен астам адамды жинаған көкпар ұйымдастырушылары жауапқа тартты.

26 ақпан 2021, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.