2012 жылдың қорытындысы бойынша Облысаралық Жайық-Каспий бассейні балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлері 3098 балық қорғау заңнамаларының бұзылуын анықтаған. Құқық қорғау органдарына 144 материал жолданып, 25-і бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалғандары процессуалды шешімдерін күтіп отыр. Жасалған рейдтердің барысында 216 қайық, 2505 ау құралдары және 30 тонна балық, соның ішінде - 657 келі бекіре тұқымдас тәркіленді.
***
Облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, негізгі капиталға инвестициялар 2012 жылы 1032,2 млрд теңге құраған (бұл 2011 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға аз), республикалық көлемдегі инвестицияның 19 пайызын құрайды. Шетелдік инвестициялар (46,1%) мен шаруашылық субъектілерінің өз қаржылары (49,3 пайыз) негізгі көздер боп табылады. Бюджет қаржылары 4,6 пайызды құрады. Инвестицияның негізгі көлемін облыс аумағында қызмет ететін басқа мемлекеттердің шаруашылық субъектілері (48,5%), сондай-ақ, жеке меншік кәсіпорындар (46,8%) игерген. Мемлекеттік сектор үлесі 4,7 пайызды құрады. Мұнай мен табиғи газ өндіру (инвестицияның жалпы көлемінің 69,9 пайызы), тасымалдау және қаттау (13,1 пайыз), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер (4,9 пайыз) басым салалар боп табылады.