Атырау, 27 желтоқсан 02:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Әлімжеттік жойылды ма?

2 985 просмотра

Батыс өңірлік әскери прокуратурасында Атырау гарнизоны әскери-құқық қорғаушы органдарының жиналысы болды.

Баяндамашылардың айтуынша, 2011 жылмен салыстырғанда әскери қызметшілер жасаған қылмыстар 20%-ға қысқарған. Сондай-ақ, өткен жылда командир билігін асыра сілтеу (2011 жылы 3 оқиға) және жарғыдан тыс қарым-қатынастар (2011 ж. – 2) сияқты әскери қылмыстарға жол берілмеген.

2012 жылы тіркелген 12 қылмыстың жетеуін офицерлер, төртеуін келісім-шартпен жасаушы қызметкерлер және біреуін қатардағы жауынгер жасаған.

Өткен жылы Батыс өңірлік әскери прокуратурасы әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің 23 заңсыз бұйрығын кері қайтарған, олардың үшеуінде әскери қызметшілердің конституциялық құқықтарына нұқсан келген. Прокурорлық әсер ету шараларымен 668 әскери қызметшінің және 1 азаматтық тұлғаның құқықтары қорғалған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.