Атырау, 12 қазан 15:15
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Шетелдіктер үш есе азайды

1 559 просмотра

Атырау облысында 2012 жылы жұмысқа тартылған шетелдік жұмыс күші 2011 жылмен салыстырғанда 31,5%-ға азайды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2013 жылғы 1 қаңтар күні Атырау облысы аумағында шетелдік жұмыс күшін тартқан 212 кәсіпорын тіркелген. Өткен жыл ішінде  шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру бойынша комиссияның 15 отырысы өткізіліп, 6,8 мың рұқсат берілген. Құжаттарды тиісінше және толық ресімдемеулеріне, сондай-ақ, ерекше талаптарды орындамауларына байланысты 423 маман жұмысқа жіберілмеді.

Қазіргі уақытта шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар ҚР заңнамаларына сәйкес Қазақстан азаматтары үшін 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан, 4,3 мың адам қайта даярлаудан өтті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.