Атырау, 25 қараша 07:08
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балық аулауға рұқсат

3 750 просмотра

Үкіметтің 2012 жылғы 7 наурыздағы қаулысына сәйкес Жайық өзенінде әуесқой балық аулау өзен сағасынан Кіші Дамбы тартымына дейін және Төменгі Татар тартымынан Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі жерлерде тыйым салынған еді. Алайда осы құжаттың басқа тармағында Жайық өзенінде әуесқой балық аулауға Атырау облысының барлық аумағында рұқсат етіледі деп көрсетілген.

Біз осы мәселеге Облысаралық Жайық-Каспий бассейні инспекциясының бөлім бастығы Олег ТУШКАНОВҚА түсінік беруін сұрап жолыққан едік. Оның айтуынша, көрсетілген қаулының «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қолдануға шектеулер және тыйым салу» деп аталатын №1 қосымшасының 26-тарауында: «Тыныштық аймағын жасау мақсатында келесі жерлерде балық аулауға жыл бойы тыйым салынсын: 1) Жайық өзенінде сағадан Кіші Дамбы тартымына дейінгі және Төменгі Татар тартымынан Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі аумақ... ».

Алайда, осы қаулының «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қолданудың орны мен мерзімдері» деп аталатын №2 қосымшасының 7-тармағы 10-тармақшасында: «Жайық өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолданып балық аулау орны мен мерзімі Атырау облысы аумағы шегі және 16 маусым – 31 наурыз аралығы болып белгіленсін» деп көрсетілген. «Кәсіпшілік емес балық аулау астарында қармақ, спиннинг қолданатын әуесқой спорттық балық аулау жатыр» деп түсіндірді О. Тушканов.

Осылайша,балық қорғаушының айтуынша, Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі  Жайық өзенінің бойы әуесқой балық аулау аймағы болып табылады (1 сәуірден 16 маусымға дейінгі басқа уақыттарда).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.