Атырау, 5 қазан 01:13
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ақиқат жолында

2 173 просмотра

Салафизм ағымының ықпалында болған Атырау облысының 27 тұрғыны діни көзқарастарын өзгертіп, ханафит мазхабын ұстана бастады. 16 қаңтарда Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының (ҚМДБ) баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, орталық ақпарат агенттіктері осындай хабар таратты.

2012 жылдың қорытындысы бойынша ҚМДБ-нан «Жыл имамы» дипломын алған облыстың бас имамы Амантай САДИЕВТЫҢ айтуынша, бұл адамдардың көпшілігі экстремизм бойынша айыпталған және бас бостандықтарынан айыру орындарында жазаларын өтеуде. Бұрынырақ салафизм ықпалымен туыстарымен ренжісіп кетіп қалған бірнеше адам үйлеріне қайта оралған. Олардың ата-аналары мешітке келіп, бас имамға алғыстарын білдіріпті:

- Біз бірнеше баланы отбасына қайтарсақ, экстремистер өз қатарларына он есе көп баланы тартуы мүмкін. Сондықтан тек мешітте уағыз айтумен ғана шектелмеу керек. Бұл жұмысты жұртшылық та қолға алуы тиіс, - деп есептейді имам.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

16 қаңтар 2013, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.