Ұзақ жыл бойына пәтер жалдап келген Қызылқоға ауданы Миялы селосының тұрғыны Эльмира БЕКҚҰЛОВАНЫҢ отбасы Жаңа жылды алғаш рет жаңа пәтерде қарсы алды.
Эльмира төрт баласымен бірге жеке баспанаға мұқтаж болып жүрген. Енді, міне, жаңа жыл қарсаңында «Мәтен Петролеум» АҚ екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕТОВ бұл отбасының мектеп жасындағы балалары да қамқорлыққа алынатынын хабарлады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА