Атырау, 7 қазан 10:37
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Веб-портал алаяқтары-2

2 456 просмотра

Қызылқоға ауданының мектебі мен аурухана өкілдері кәдімгі алаяқтар болып шыққан Қарағанды мен Павлодардың кәсіпкерлерін жауапқа тартпақшы.

Сағыз селосындағы Кенбай орта мектебі мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы құрал-жабдықтарды 1 млн 580 мың теңгеге, Мұқыр селосындағы орта мектепжеткізіп беруші міндетін өзіне жүктеген Қарағандыдағы «Кормедия» ЖШС-не 654 мың теңгеге тапсырыс берген болатын.

ЖШС есепшотына қаржының бір бөлігі аударылғаннан кейін тапсырысшымен байланысу қиындық туғызды. Ал тапсырыс берілген жабдық өз мерзімінде келген жоқ. Оның алдында аудандық туберкулез ауруханасы веб-порталдың алаяқтық құрбанына айналған еді. Ол Павлодардағы «Мартвод» ЖШС-іне 2 млн теңгеге 20 тонна сұйық отынға тапсырыс беріп, мекеме есепшотына аталмыш соманың 50 пайызын аударған. 

- Айналғанда мектептің құрал-жабдығы, ауруханаға қажетті сұйық отынды басқалар әкелді. Бүгінде аурухана мен мектеп басшылығы алақол жеткізіп берушілерді Павлодар мен Қарағанды соттарына бермекші, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕТОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.