Шерудің жалғасуына, сондай-ақ, қазіргі премьер-министр Раджа Первез Ашрафтің тұтқынға алынуы себеп болды. Оны Жоғарғы сот «мемлекет қаржысын ұрлап, жемқорлыққа жол берді» деп айыптаған болатын. Исламабадтағы үш күнге созылған шеруге 30 мыңнан астам адам қатысты. Қазір ел астанасындағы жағдай ушығып тұр. Сол себепті шаһарға елдің басқа да өңірлерінен әскери күш өкілдері жұмылдырылды. Ақпарат агенттіктері ел астанасындағы көптеген дүкен, банк және білім беру мекемелерінің уақытша жабылғанын хабарлады.
Дереккөз: 24.kz