Атырау, 11 қазан 06:31
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Тұйыққа тірелу

3 372 просмотра

Индербор поселкесіндегі 550 млн теңгеге бағаланған мембранды су тазарту қондырғысы (СТҚ) 5 жыл бұрында бар қуатымен жұмыс істеп кетпеген болатын. Мердігер банкрот болып, нысанның мемлекеттік қабылдау шарасы болған жоқ.

1974 жылы пайдалануға берілген ескі су тазарту қондырғысы әбден ескірді, оның қуаты поселкедегі 13 мың халықты сумен қамтуға жарамайды. Сондықтан жаңа СТҚ-ға үлкен үміт артылған еді. Алайда, мердігер мекеме - «Аминастройсервис» ЖШС-нің жұмысы алға баспады.

2012 жылдың қарашасында Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Атырау қаласы бойынша салық басқармасының «Аминастройсервис» ЖШС-ін банкрот деп таныды. Ал қарыздарынан бөлек ЖШС-тің салық және басқа да міндетті төлемдері бойынша құрылысы 2007 жылы біткен СТҚ-ның төлқұжаты мен сертификаттарын әлі тапсырған жоқ.

Индер ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ қолының тимейтінін айтып,барлық сауалдарымыздың жауабын өзінің орынбасары мен  аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығынан аласыз деп сілтеді.

Аудан әкімінің орынбасары Мұхамбетқали АЛДЕРЗИННІҢ айтуынша,әкімдік «Аминастройсервис» ЖШС-нің үстінен сотқа талап-арыз берген. 

Сотта бізге әкімдіктің ЖШС үстінен берілген талап-арыздың мекеме банкрот деп жарияланғандықтан қаралмайтынын хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.