Атырау, 6 мамыр 09:49
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Қазақстанда визасыз елдер тізімі кеңейтіледі

2 130 просмотра
Фото: cit.ua

Қазақстанда 2021 жылы визасыз елдер тізімін кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов министрлік алқасының кеңейтілген отырысында айтты.

2020 жылы визасыз елдер тізімі 74 елге дейін кеңейтілгенін, 105 мемлекеттің азаматтары үшін электрондық виза енгізілгенін атап өткен вце-министр Қытай мен Үндістан азаматтары үшін пилоттық режимде 72 сағаттық визасыз транзит іске қосылғанын айтты.

"30 күнге дейінгі мерзімге келген шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. 2021 жылы визасыз елдер тізімін 90-ға дейін кеңейту жоспарланып отыр, – деді Әбдірахымов.

Айтуынша, өткен жылы шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары басталды. Сондай-ақ елдің 11 қаласында "Open Sky" режимі енгізілді.

Сонымен қатар 2021 жылы электронды виза алу жұмысын жеңілдету мәселесін қарап, электронды виза бағасын 20 долларға төмендету жоспарланып отыр.

18 ақпан 2021, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.