Атырау, 25 қараша 06:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Диқандарға -субсидия!

2 928 просмотра

2011 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы облыс егіншілеріне суарма суы үшін 46 млн теңге субсидияны төлемей тастады. Осының салдарынан егіншілер «ҚазСуШар» РМК-ның Атырау филиалына, ал сол су тасымалдаушы мекеме энергетиктерге қарыз болып қалды. Енді іс сотқа дейін жетті.

Ал, негізінде, бюджеттен бөлінген субсидия егіншілердің есепшотына түскен соң, егіншілер бұл сомамен  суды пайдаланғаны  үшін «ҚазСуШар» РМК-мен есептесуге тиісті.

Бекітілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережелеріне сәйкес, 2011 жылы егіншілер өз қалталарынан судың бағасының 50 пайызын алдын ала төлеген. Алайда, өтемақысын сол күйінше алған жоқ. «ҚазСуШар» да қаржының жартысына түгел қол жеткізе алмай отыр.

Облыстық ауыл  шаруашылығы басқармасы басшылығы әлі күнге дейін егіншілердің есепшотына субсидияның бюджеттен неге бөлінбей қалғанын ашық әрі анық түсіндіріп бере алмай келеді.

- 2011 жылдың есебі бойынша электр жарығына 46 млн теңге бережақпыз, - дейді  «ҚазСуШар» РМК Атырау филиалының бас гидротехнигі Балатай ЖҰМАБАЕВ. -  Айналғанда алажағын уақытылы ала алмаған «Атырау-Жарық» АҚ біздің мекемені сотқа берді. Бізді бас мекеме электрге бережақты өз есебінен төлеп, құтқарып қалды. Енді біз оларға 4 айдың ішінде қарызды қайтаруымыз керек. 2012 жылы субсидиялар толық көлемде бөлінген болатын. Бұл жылы біз электр энергиясы үшін толық есептестік.

Бүгінде сушарлықтар Махамбет ауданындағы 36, Индердегі13, Атырау қаласындағы 23, Исатай ауданындағы 3 егіншіні сотқа беріп жатыр.

- Біз бұған шыдап, қарап қала алмаймыз. Субсидия қаржысын даулап, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын сотқа бермекшіміз, - дейді күйінген ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер.

Сол уақытта:

Атырау облысының 140 ауылшаруашылық өнеркәсібіне республикалық бюджеттен

172 млн теңге субсидия бөлінді. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Сырым РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, шаруа қожалықтары

150 мыңтеңгеден 2 млн теңгеге дейін қаржы алған. Субсидияның ең ірі үлесіне - Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінің субъектілері ие болған. Онда 63 шаруа 59 млн теңгеге жуық қаржыға қол жеткізген.

Бұл субсидиялар - үкіметтің 2009 жылғы 31 желтоқсан күнгі №2319 қаулысына сәйкес, ауыл шаруашылғы құрылымдарына ірі сабақты мал азығының 50 пайыздайын өндіріп, қалың әрі шүйгін жем-шөп дайындағаны үшін беріліп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Саша ДЕНИСОВТЫҢ коллажы

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.