Атырау, 6 мамыр 14:56
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

БЖЗҚ ескертеді: Қордың атынан жалған хабарлама тарап жатыр

1 804 просмотра

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын айтып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және «зейнетақыны қайта есептеу керек» деген желеумен деректемелерін беруді өтінеді. БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады» делінген хабарламада.

БЖЗҚ мұндай хабарлама жібермейтінін және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды. Сондай-ақ қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді. 

Ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан, қарап тексеру керек.

18 ақпан 2021, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.