Атырау, 24 сәуір 23:10
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Илон Маск ең бай адам атағынан айырылды

2 108 просмотра

Бір айдан аса уақыт бойы әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында болған SpaceX пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск екінші орынға түсіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос көш бастады. Бұған Блумберг агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды Тengrinews РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Безостың байлығы - 191 миллиард, Масктың байлығы - 190 миллиард доллар. Осылайша, Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін ұстап тұрған бірінші орнын қайтарып алды. Соңғы бір айда Илон Маск тізімде көш бастап тұрған. 

Үшінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 137 миллиард долларға бағаланған, тізімдегі төртінші адам - Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард). Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы 104 миллиард долларға бағаланып, ол бесінші орында тұр. 

17 ақпан 2021, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.