Атырау, 17 мамыр 13:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Мамин әкім орынбасарларының міндетіне қатысты тапсырма берді

1 766 просмотра

Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір әкімдеріне инвестиция тартуға жауапты орынбасарларды айқындауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Асқар Маминнен өңір әкімдеріне инвестиция тартуға жауапты орынбасарларды белгілеуді тапсыруын сұрады.

"Инвесторлармен нақты жұмыс істеу үшін 2012 жылы инвестицияларға жауапты облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің арнайы орынбасары лауазымы енгізілді. Аталған шара өзінің тиімділігін көрсетті. Алайда жылдар өте келе бұл лауазым иелеріне функционалы оларға бейінді емес міндеттер жүктеумен шайылып кетті", – деді ол.

Мәселен, оның айтуынша, қазір тек Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ғана әкімдердің арнайы орынбасарлары инвестиция мәселесімен айналысады. Қалған облыстарда оларға инвестиция тартумен айналысуға мүмкіндік бермейтін басқа міндеттер жүктелген.

"Сондықтан өңір әкімдері орынбасарларының функционалдық міндеттерін қайта қарап, инвестиция тартуға, бастапқы бағдарға оралу қажет деп санаймын", – деді Тілеуберді.

Премьер-министр Асқар Мамин орынбасарының ұсынысын қолдады.

Ол мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңір әкімдері мен квазимемлекеттік сектор басшыларына инвестиция тартуға жауапты орынбасарлардың осы маңызды функцияға баса назар аударуына ықпал етуді тапсырды.

16 ақпан 2021, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.