Атырау, 23 желтоқсан 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Павлодарда тек "Audi-80" көлігін ұрлайтын жігіт ұсталды

1 985 рет қаралды

Павлодарда үш жыл бойы көлік ұрлап жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды. Ер адам Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, күдікті қылмыс жасауға мұқият дайындалған және неміс өндірушісінің көлігін алдын ала таңдаған, сондай-ақ көлікті ұрлау бағытын жоспарлағанын хабарлады.

Ұрлықты сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін жасағаны анықталды. Тек "Ауди 80" маркалы автокөліктерді айдап кетіп жүрген. Өйткені мұндай көліктердің қосалқы бөлшектері нарықта сұранысқа ие, - деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Бастапқыда ол ұрланған көліктерден бөлшектерді таныстары арқылы сатып жүрген. Одан әрі OLX ақпараттық жүйесі және "Ауди" әуесқойлар тобы арқылы айласын іске асырған. Ұсталған кезде ер адамнан "Ауди" маркалы автокөліктердің кілттері мен гараждан "Ауди-80" маркалы автокөліктің қосалқы бөлшектері алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жедел уәкілдер 2019, 2020 және 2021 жылғы қаңтарда Павлодар облысының аумағында тіркелген автокөлік ұрлығының 6 фактісіне ұсталған ер адамның қатысы барын анықтады.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

15 ақпан 2021, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.