Атырау, 13 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1 643 просмотра

Қазгидромет 15 ақпанда еліміздің бірқатар өңірі үшін дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында боран соғады.Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы -20 м/с.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды облысында тұман түседі.

15-17 ақпанда Жамбыл облысында тұман түседі.

15 ақпан 2021, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.