Атырау, 24 ақпан 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Қызылордадан Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті

2 311 рет қаралды

Қызылорда облысында Алматыдан Ресей астанасы - Мәскеу қаласына бет алған жүк көлігіне тиелген заттар толықтай өрнетіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының 1698 шақырымында болды. Бұл Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы мен Жалағаш ауданы, Таң ауылын аралығын қамтиды. 

«Аталған аумақта DAF маркалы жүк көлігінің тіркемесіне тиелген киім-кешек секілді заттар жанып кетті. Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 5 қызметкер 1 автокөлікпен жетіп, көлік тіркемесі толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

14 ақпан 2021, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.