Алматы полицейлері қарт адамдарды ұрған жігітті ұстады, деп BNews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасай отырып хабарлады.
«1981 жылы туған Алматы қаласы Бостандық ауданының Б.есімді тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады және жазасын өтеуге дайын. Алдын кесу шарасы ретінде ешқайда шықпау туралы қолхат берілді. Егер жігіт 255 бап (бұзақылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болса, онда 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады», - деп атап өтті баспасөз хатшысы.
«Сол күні жәбірленуші ерлі-зайыпты Әуезов көшесімен немересін диагностика орталығына апара жатқан. Жол үстінде көлік жүргізушімен ұрыс басталып, ол төбелеске ұласты. Полицияға арызды жәбірленуші әйел жазды, ал оның жолдасы арыз жазудан бас тартты. Жазалау шарасын сот анықтайды. 5-6 күн ішінде іс жеңілдетілген іс жүргізу бойынша қаралады», - деді Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетсек, таяуда Алматыда ашуға мінген жүргізуші жол үстінде қарт адамдарды соққыға жыққан болатын.
Дереккөз: bnews.kz