Атырау, 22 қараша 19:04
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Тверь хоккей клубы ҚР Әнұранын шатастырып алғаны үшін айыппұл төлейтін болды

1 699 просмотра
Жоғары хоккей лигасы (ЖХЛ) Тверь хоккей клубын қарағандылық «Сарыарқа» командасымен болған матч алдында Қазақстанның Әнұраны шатастырылып қойылғандығы үшін айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Қарағанды облыстық Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

 «Жоғары хоккей лигасы «Сарыарқа» хоккей командасынан жіберілген олқылық үшін кешірім сұрады. ЖХЛ Тверь хоккей лигасын айыппұл төлеуге міндеттеді және Ресейдің барлық хоккей клубтарына матч барысында бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескерту жіберді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Пермь қаласында жергілікті Тверь хоккей клубы мен Жоғары хоккей лигасының көшбасшысы «Сарыарқа» арасында өткен матч алында Қазақстанның ескі Әнұраны шырқалды. Кейін «Сарыарқа» командасы Жоғары хоккей лигасына Қазақстан Әнұранымен болған жаңылыстыққа қатысты хат жіберді.

Осыдан кейін «Тверь хоккей клубының басшылығы мен баспасөз қызметі «Сарырақа» хоккей командасынан,  клубтың жанкүйерлерінен, Қазақстан Республикасының тұрғындарынан кеткен олқылық үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ТХК ХК-ның ресми сайтында жазылды.

Дереккөз: inform.kz

15 қаңтар 2013, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.