Атырау, 13 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Qazaq Air ұшағының ортаңғы шассиінің тысы жарылған

2 248 просмотра

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының ұшағына қатысты болған оқиғаның мән-жайын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 ақпанда сағат түнгі 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде тосын оқиға тіркелді. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілген», - делінген комитет таратқан хабарламада. 

Бүгін таңертең мамандар Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындайтын Qazaq Air әуе компаниясының басқа әуе кемесін де тексеріпті. Сонда шассидің оң жақ тіреуінің қос пневматигінің де зақымданғаны анықталған. Осыдан соң ұшақтан жолаушылардың бәрі де эвакуцияланған. 

Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайлар басқармасы бұл жайларға байланысты тергеу жүргізуде.

13 ақпан 2021, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.