Атырау, 13 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды

2 193 просмотра

Қазақстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцина адамның репродуктивті денсаулығына еш әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі таңда бірде бір белгілі вакцинаның мұндай әсері жоқ. Бұл екпеге қарсы адамдардың шығарып жүрген қауесеттердің бірі. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді ДСМ халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева да COVID-19-ға қарсы вакциналардың сапасы жоғары екенін атап өтті.

"Ресейлік "Спутник V", отандық QazCovid-in және басқа вакциналар репродуктивті функцияға әсер етпейді. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның дайындалу технологиясы 80 жылдан астам уақыт қолданылады. Тұмау, полиомиелит, кене энцефалитіне қарсы вакциналар дәл осы технологиямен жасалған", - деді ол.

Бұған дейін профессор Ләззат Ералиева адамзатты постковидтік пандемия күтіп тұрғанын мәлімдеді. Айтуынша, дәрігерлерге коронавирус инфекциясының салдарларымен күресуге тура келеді.

13 ақпан 2021, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.