Атырау, 13 қазан 05:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

2023 жылға қарай педагогтардың жалақысы екі есеге дейін өседі

2 222 просмотра

2023 жылға қарай педагогтардың жалақысы 2 есеге дейін өседі. «Nur-Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау үшін жасалған жол картасында көрсетілгендей, жалақы көлемі 330 мың теңге болады, деп хабарлайды NEGE.kz.

Орташа жалақы жыл сайын 25 процентке өсіп отырады. Сондай-ақ алдағы үш жылда білім беру жүйесі мамандармен толық қамтылады. Бұл туралы партияның жол картасын талқылау кезінде Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.

Нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждер тегін оқытады. Биыл 20 мың жас тегін оқу мүмкіндігін алады. Ал студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 процентке, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 10 проценте өседі. Жұмыс істейтін жастарға 3 мың жалдамалы пәтер беріледі.

12 ақпан 2021, 23:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.