Атырау, 24 желтоқсан 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Хоккей: Елордадағы халықаралық турнирде Қазақстан жеңімпаз атанды

2 256 рет қаралды

Бүгін елордада шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open-2021 турнирі мәресіне жетті. Бұл ойында Қазақстан және Ресейдің олипиада құрамасы кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі ойында екі команда турнир жеңімпазын анықтайтын. Алғашқы турда Беларусь құрамасын Қазақстан 5:2 есебімен жеңсе , ресейліктер 4:2 есебімен тізе бүктірді . Осылайша Қазақстан мен Ресей хоккейшілерінің жеңімпаз атануға мүмкіндігі артты. 

Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткені чемпиондық атаққа қол жеткізетін. Бірінші кезеңнің 13-минутында қазақстандық Никита Михайлис мергендік танытты. Ал екінші кезеңнің 25-минутында ресейлік Илья Морозов таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңнің 53-минутында Никита Михайлис кездесудегі өзінің екінші шайбасын соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. 

Сондай-ақ, бүгін Қазақстанның екінші құрамасы Беларусьпен көрнекі матч өткізіп, олардан 3:2 есебімен басым түсті. 

Олардың жеңісі есептелмейді. Себебі, қазақстандықтар турнирге көрнекі матч өткізу үшін қосылған.

12 ақпан 2021, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.